Қазақстан Түркияға тағы да 100 киіз үй жібереді

0
943

Түркияда 6 ақпанда жойқын жер сілкінісі орын алды.


Қазақстан Түркияға тағы да 100 киіз үй жібереді

ERNUR.KZ. Бұл туралы Түркияның еліміздегі төтенше және өкілетті елшісі Уфук Экиджи елшілікте өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп жазады baq.kz.

"Сондай-ақ Қазақстанда еріктілер тарапынан ұсынылған дәстүрлі қазақ киіз үйлердің 100-ге жуығы қазіргі кезде Кахраманмараш қаласында тігілді. Сол жерде киіз үй сонымен қатар Алматы қаласынан 100 шақты киіз үй жіберу ұйымдастырылып жатыр", - деп атап өтті елші.

Еске сала кетейік, Түркияда 6 ақпанда жойқын жер сілкінісі орын алды.

Жер сілкінісі Кахраманмараш провинциясының Пазарджик аймағында жергілікті уақыт бойынша сағат 04:17-де 7 шақырым тереңдікте болған. Жерасты дүмпулері одан кейін жарты сағат бойы әртүрлі аймақта – Адана, Анкара, Анталия, Газиантеп, Кайсери, Мерсин, Трабзон, Шанлыурфада сезілген.

Түркия парламенті орын алған табиғи апатқа байланысты төтенше жағдай режимін енгізу туралы шешім қабылданды. ТЖ режимі 8 ақпаннан бастап елдің он провинциясында 90 күнге енгізілді.