Қазақстан Туын балконға ілуге рұқсат берілді

0
1 417

Енді туды ғимараттарға, ғимарат ішіндегі пәтер балкондарында және мерекелік іс-шаралар өткізілетін жерлерде пайдалануға (орнатуға, орналастыруға) болады.


Қазақстан Туын балконға ілуге рұқсат берілді

ERNUR.KZ. 27 қарашада Премьер-министр Асқар Мамин ғимараттардың қасбеттеріне мемлекеттік туды ілуге рұқсат беретін "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұран мәтінін пайдалану (белгілеу, орналастыру) ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қазандағы қаулысына өзгерістер мен толықтыруларға қол қойды, деп жазады zakon.kz.

Қаулыға сәйкес, Ережеде 4-тармақтың бірінші абзацы келесідей көрсетілген:

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын жеке және заңды тұлғалар патриоттық сезімдерін, қазақстандық бірегейлігін білдіру, елдің жетістіктерін қолдау мақсатында, оны ғимараттарында (тұрғын және тұрғын емес үй-жайларда), ғимарат ішіндегі пәтер балкондарында және мерекелік іс-шаралар өткізілетін жерлерде пайдалануға (орнатуға, орналастыруға) болады.

Бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік рәміздерді пайдалану ережелерін қайта қарау туралы ұсыныс жасаған болатын.