Қазақстан ТЖМ Түркияда адамдарды құтқару сәтінің видеосын жариялады

0
405

Видеода Нурдагы қаласында қазақстандық құтқарушылар арнайы жасалған ойықтың көмегімен адамдарды толығымен қираған ғимараттың астынан шығарып жатқанын көруге болады.


Қазақстан ТЖМ Түркияда адамдарды құтқару сәтінің видеосын жариялады
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі Түркияда біздің құтқарушылар атқарып жатқан іздестіру-құтқару жұмыстарынан бейнежазба жариялады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Видеода Нурдагы қаласында қазақстандық құтқарушылар арнайы жасалған ойықтың көмегімен адамдарды толығымен қираған ғимараттың астынан шығарып жатқанын көруге болады.

Ведомство өкілдері құтқарушылар барлық жол бойы адамды сүйемелдеп шығарып, толық қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жатқанын атап өтті.

"Үйінділер астындағы қозғалыс кезінде Қазақстанның ТЖМ құтқарушылары үйінді астынан адамды денесімен қалқалап шығарып жатыр. Қазақстандық құтқарушылар екі тәулікке жуық уақыт бойы адамдардың орналасқан жеріне жол салды", - деп жазады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Осы уақыт ішінде зардап шеккендермен аудио байланыс үзілген жоқ.

Құтқарушылардың бірінші тобы 7 ақпанда Түркияға ұшса, екіншісі келесі күні жөнелтілді.