Қазақстан жанармайы ең арзан 20 елдің қатарына енді

0
278

Елімізде бір литр жанармай құны 0,539 доллар деп көрсетілген.


Қазақстан жанармайы ең арзан 20 елдің қатарына енді

ERNUR.KZ. Қазақстан Globalpetrolprices рейтингі бойынша жанармайы ең арзан 20 елдің қатарына енді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Басылымның жазуынша, әлем бойынша жанармайдың орташа бағасы литріне 1,29 долларға тең. Ал әлем бойынша ең арзан жанармай бағасы – 0,029 доллар. Рейтинг бойынша, ең арзан баға Иранда тіркелген.

Қазақстан бұл рейтингте 11-орында. Елімізде бір литр жанармай құны 0,539 доллар деп көрсетілген.

«Әртүрлі елдер арасында бағаның айтарлықтай айырмашылығы бар. Әдетте, бай елдерде бензин бағасы жоғары, ал кедей елдер мен мұнай өндіретін және экспорттайтын елдерде айтарлықтай төмен бағаға ие. Тек АҚШ-та экономикалық дамыған ел болғанына қарамастан бензин бағасы төмен. Елдердегі баға айырмашылығы әртүрлі салықтар және бензин субсидияларына негізделеді», - делінген басылымда жарияланған материалда.