Қазақстанда 1 қаңтардан бастап әлеуметтік төлемдер жаңаша тағайындалады

0
762

Проаквтивті формат азаматтың тиесілі қызметті мемлекеттік органдарға жүгінбей-ақ алуына болады.


Қазақстанда 1 қаңтардан бастап әлеуметтік төлемдер жаңаша тағайындалады

ERNUR.KZ. Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова 15-тамызға дейін министрлік әкімдіктермен бірге тұрғындарыды әлеуметтік қорғау бағытындағы деректерді жаңартады, деп жазады Экспресс К.

1 қыркүйектен бастап жыл соңына дейін төлемдердің 9 түрі және атаулы әлеуметтік көмек бойынша отбасының цифрлық картасы сыннан өтеді.

Ал 2023 жылдың 1 қаңтарынан әлеуметтік қорғау саласының барлық тағайындау мен төлемдері проактив форматында қызмет көрсетіле бастайды, - дейді Тамара Дүйсенова.

Айта кетейік, проаквтивті формат азаматтың тиесілі қызметті мемлекеттік органдарға жүгінбей-ақ алуына болады.