Қазақстанда 10 млн га жер мемлекет меншігіне қайтарылды

0
370

Тиісті жұмыстар 2022-2023 жылдар аралығында жүргізілген.


Қазақстанда 10 млн га жер мемлекет меншігіне қайтарылды

ERNUR.KZ. Пайдаланылмаған және ауыл шаруашылығы жерлерін бұза отырып берілген 10 млн гектар жер мемлекеттік меншікке қайтарылды, деп жазады ulysmedia.kz.

Тиісті жұмыстар 2022-2023 жылдар аралығында жүргізілген.

"Қайтарылған жерлер аграрийлердің игілігіне беріліп, тиісті елді мекендерге бекіту арқылы үлестіріледі", - делінген хабарламада.

Ел билігі жерді мемлекет меншігіне қайтару туралы үнемі есеп бере отырып, нақты қандай учаскелер туралы және олар бұрын кімге тиесілі екенін нақтыламайтынын байқаймыз. Бұл ретте, халық жер мәселесінде ашықтық керек екенін жиі айтады.