Қазақстанда 145 теміржол желісі республика меншігіне берілуі мүмкін

0
1 138

Бұл жөнінде премьер-министрдің баспасөз қызметі мәлімдеді.


Қазақстанда 145 теміржол желісі республика меншігіне берілуі мүмкін

ERNUR.KZ. Қазақстанның меншігіне 145 кірме теміржол желісін беру ұсынылып отыр, деп жазады Stan.kz.

Бұл жөнінде премьер-министрдің баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Бірқатар жеке компаниялардың меншік иелерінен 145 кірме теміржолын республика меншігіне беру туралы ұсыныстар келіп түскені айтылды", - делінген Қазақстан экономикасын демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысында.

Премьер-министр Әлихан Смаилов осы шараларды іске асыру үшін барлық қажетті рәсімдерді жүргізуді тапсырған.

Қатысушылар сондай-ақ теміржол тасымалында өндірістік процестің ажырамас бөлігі болып табылатын кейбір активтерді мемлекет меншігіне қайтару шараларын талқылады.

Отырысты қорытындылай келе, Әлихан Смайылов жақын арада нақты нәтижелерге қол жеткізу үшін қаралған барлық мәселелер бойынша рәсімдерді жеделдетуді тапсырды

Еске салайық, 8 сәуірде Министрлер кабинеті 120 субъектіге кіреберіс жолдарды ұсыну тарифтері төмендетілгенін хабарлаған.