Қазақстанда 25 градус аяз болады

0
1 412

Бұл туралы "Қазгидромет" орталығы мәлімдеді.


Қазақстанда 25 градус аяз болады

Синоптиктер 14-16 қараша аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ERNUR.KZ «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан территориясында Орал және Батыс Сібір аймақтарынан арктикалық фронттардың оңтүстік-шығысқа жылжуымен қар, кей жерлерде бұрқасын, солтүстік-шығыс желінің күшеюі және көктайғақ күтіледі. Ал фронттардың артынан арктикалық теңіз акваториясында қалыптасқан антициклон жылжиды. Онымен республиканың көптеген облыстарында күннің суытуы күтіледі. Солтүстік, орталық және шығыс аймақтарда түңгі ауа температурасы 13...18, кей жерлерде 20...25 язға дейін төмендейді, бұл орташа көпжылдық мәннен 4…10°С-қа төмен. Тек республиканың батысында осы күндері ауа температурасы нормаға жақын және жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, - делінген хабарламада.