Қазақстанда 38 градус аязға төзімді дизель отынын өндіру қолға алынды

0
837

Еліміздің көптеген аймағында қыс мезгілі өте суық болатынына байланысты бұл отын түрі тұтынушылар арасында кеңінен сұранысқа ие.


Қазақстанда 38 градус аязға төзімді дизель отынын өндіру қолға алынды

ERNUR.KZ. Атырау мұнай өңдеу зауыты қараша айында еліміздің әр өңіріне 3500 тонна жанармай жөнелтуді жоспарлап отыр, деп жазады inbusiness.kz.

«Қазақстанның көптеген аймағында қыс мезгілі өте суық болатынына байланысты бұл отын түрі отандық тұтынушылар арасында кеңінен сұранысқа ие болады. Жанар-жағармайдың алғашқы партиясы Атырау мұнай өңдеу зауытынан 14 қарашада жөнелтілді. Бүгінде тағы 3088 тонна отын тиелді. Атырау МӨЗ-і қараша айында барлығы 3500 тонна жанармай жөнелтуді жоспарлап отыр», – деп хабарлады «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасының мұнай өңдеу және маркетингі жөніндегі орынбасары Данияр Тиесов.

Khazar-38 дизель отыны бүкіл Қазақстан үшін бірегей өнім. Себебі ол К5 экологиялық санатына сәйкес келеді. Яғни құрамында күкірт пен парафиндері мөлшері өте аз, төмен температураның ерекшеліктеріне әсер ететін қоспалары жоқ.

Естеріңізге сала кетсек, 2018 жылдың соңында Атырау МӨЗ жаңа мұнай өнімдерінің бірнеше түрін шығара бастағанын хабарлады. Атап айтсақ, 25 градус және 32 градус суыққа төзімді дизель отынын өндіру. Бұл зауытта жаңа қондырғыларды іске қосудың нәтижесінде жүзеге асып отыр.