Қазақстанда 56 мың адамның көзі көрмейді

0
2 032

Олардың 18 мыңы – балалар.


Қазақстанда 56 мың адамның көзі көрмейді

ERNUR.KZ. Елімізде зағип ретінде мүгедектікке шығатын адамдардың саны жыл сайын көбейіп отыр. Қазірдің өзінде қос жанарынан айырылғандардың қатары 60 мыңға жуықтаған, деп жазады inbusiness.kz.

Көз аурулары қазақ ғылыми-зерттеу институтының Нұр-Сұлтан қаласындағы филиалының директоры Әйгерім Төлетованың дерегінше, қазіргі таңда Қазақстанда 56 мыңдай адам «су қараңғы соқыр» дертімен тіркеуде тұр. Олардың 18 мыңы – балалар.

«Көз аурулары жүре келе және туа бітті болады. Көп адамдар уақытылы дәрігерге қаралмай, ауруын асқынтып алады. Бұған қоса, ағзадағы әртүрлі созылмалы сырқаттар да көз жанарына әсер етуі мүмкін. Мысалы, глаукома, дегенеративті миопияның ұлғаюы, гипертония, қант диабеті, ретинопатияның асқынулар су қараңғылыққа алып келеді. Сондықтан көз жанарын ерте бастан күтіп, дер кезінде дәрігерге қаралған жөн», –дейді Ә.Төлетова.

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет