Қазақстанда 56 Нұрсұлтан Назарбаев тұрады

0
982

Қазақстанда Елбасының есімі қыздарға да берілген.


Қазақстанда 56 Нұрсұлтан Назарбаев тұрады

ERNUR.KZ. Биыл Қазақстанда Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі 41 балаға қойылған, деп жазады ҚазАқпарат.

ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің ақпаратына сәйкес, Қазақстанда Елбасының 18 076 аттасы бар. Оның 1 617-сі Нұр-Сұлтанда тұрады.

Белгілі болғандай, 2019 жылы 41 шақалаққа Нұрсұлтан есімі берілген. 2015 жылы бұл есіммен 205 бүлдіршін аталған. Бірақ соңғы бес жылда Тұңғыш Президенттің аттастары күрт азайған. Бұған шамасы Елбасының 2015 жылдың 29 сәуіріндегі инауграциясы себеп болған көрінеді. 2016 жылы туған балалардың 136-сына ғана Нұрсұлтан аты қойылған. 2017 жылы – 104, 2018 жылы – 67. Ал ел астанасының атауы өзгертілгелі бері Нұрсұлтандардың қатары 28 адамға көбейген.

Бір қызығы, Қазақстанда Елбасының есімі қыздарға да берілген. Республикамызда бес Нұрсұлтан және екі Нұрсұлтана есімді қыз бала бар.

Статистикалық мәліметтерге сүйенер болсақ, Қазақстанда аты-жөні Нұрсұлтан Назарбаев болып жазылған 56 адам тұрады.