Қазақстанда 90-жылдардағы ұйымдасқан қылмыстық топтың соңғы мүшесі ұсталды

0
276

6 адамнан тұратын топ қылмыстарды 26 жыл бұрын жасай бастаған.


Қазақстанда 90-жылдардағы ұйымдасқан қылмыстық топтың соңғы мүшесі ұсталды

ERNUR.KZ. Ақмола облысының полицейлері 26 жылдан кейін, 90-жылдардағы қылмыстық топтың соңғы қатысушысын ұстады, деп жазады tengrinews.kz.

Банда мүшелерінің есебінде төрт адамды өлтіру, жүргізушілерге жасалған тонау шабуылдары, экономикалық контрабанда және билік өкілінің немесе лауазымды тұлғаның атағын өз бетінше тағайындау деректері бар. 6 адамнан тұратын топ қылмыстарды 26 жыл бұрын жасай бастаған.

"1998 жылдан бастап милиция қызметкерлерінің нысанды киім-кешектерін киіп алып, автоматты атыс қаруымен қаруланған қылмыскерлер қала сыртындағы автожолдарда жезлдің көмегімен автокөліктерді иемдену мақсатында тоқтатып, жүргізушілер мен олардың жолаушыларын атып тастайтын. Денелерді орман алқаптарына көму арқылы жойып, ал автокөліктерді заңсыз сатқан.1999 жылы банданың төрт мүшесін полиция қызметкерлері ұстады. Кейіннен сот үкімі бойынша, олардың екеуі өлім жазасына, екеуі ұзақ уақытқа бас бостандығынан айырылды", - делінген хабарламада.

Топтың бір мүшесі құжаттарды, тегін, атын, әкесінің атын және туған жылын заңсыз өзгерткен, түрін өзгерткен және 26 жыл бойы құқық қорғау органдарынан жасырынып жүрген.

"27 қаңтарда жедел-іздестіру іс-шаралары мен ұзақ әзірлемелердің нәтижесінде топтың соңғы қатысушысы Көкшетауда ұсталды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу рәсімдері жүргізіліп жатыр".