Қазақстанда адам саудасынан көбінесе балалар зардап шеккен – статистика жарияланды

0
661

Ресми мәліметке сәйкес, жыл басынан осы санаттағы 124 қылмыс тіркелді.


Қазақстанда адам саудасынан көбінесе балалар зардап шеккен – статистика жарияланды

ERNUR.KZ. Ішкі істер министрлігі адам саудасы бойынша қылмыстардың статистикасын жариялады, деп жазады sputnik.kz.

Ресми мәліметке сәйкес, жыл басынан осы санаттағы 124 қылмыс тіркелді.
Олар:
адам саудасы – 27 (соның ішінде кәмелет жасқа толмағандарға қатысы 22 қылмыс);
жезөкшелікпен айналысуға тарту – 10 (соның ішінде кәмелет жасқа толмағандарға қатысы 5 қылмыс);
адам ағзаларын сату – 4;
қанау мақсатында бас бостандығынан заңсыз айыру – 4;
притондарды ұстау, жеңгетайлық – 79;
Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетовтың айтуынша, жақында кезекті рет "STOP трафик" жедел шарасы өтті. Соның нәтижесінде 39 қылмыс анықталды. Екі келіншек туған баласын сатқысы келген. Біреу Шымкентте ұсталды.
Ал Орал қаласында 35 жастағы әйел үш ай бойы кәмелет жасқа толмаған қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген. Барлық ақшаны өз қалтасына басқан. Қазіргі кезде қылмыстық іс қозғалды. 17 жастағы қыз туған-туыстарына тапсырылды.