Қазақстанда адам саудасының құрбандары кімдер екені белгілі болды

0
302

2019–2022 жылдар аралығында 131 адам жыныстық қанаудың құрбаны болды.


Қазақстанда адам саудасының құрбандары кімдер екені белгілі болды

ERNUR.KZ. Қазақстандағы адам саудасының құрбандары негізінен мигранттар, деп жазады sputnik.kz.

Басылым мәліметінше, Былтыр адам саудасы үшін 14 адам сотталды. Орталық Азия елдері мен Ресей әлемдегі ең ірі және маңызды еңбек миграциясы дәліздерінің бірі. БҰҰ-ның 2022 жылғы мәліметінше, Ресейде Орталық Азиядан 4 млн-ға адам жұмыс істейді.
"Қазақстанның өзі көші-қон процестерінің белсенді қатысушысы. Қазақстан бұрын Ресейге транзиттік ел болған. Бірақ 2000 жылдардың басында Қазақстан экономикасы жақсарған кезде жағдай өзгерді. Ел қазір Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстан азаматтары жұмысқа келіп жатыр. Олар еңбек мигранттарының басым бөлігін құрайды", - делінген ақпаратта.
Басылым мәліметіне сүйенсек, әлі де болса бұрынғыдай заңсыз көші-қон және еліміздің көші-қон заңнамасын бұзу фактілері бар. Көші-қонның ең маңызды проблемаларының бірі және, бәлкім, ең көрінбейтін — адам саудасы болды және болып қала береді.
Адам саудасының құрбаны болған мигранттар құрылыс пен ауылшаруашылық жұмыстарына жегілуге мәжбүр. Олар жоғары табыспен қызықтырып, іс жүзінде заңсыз ұстап, жұмыс істеуге мәжбүрлейді.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда жыл сайын "адам саудасы" санаты бойынша 100-ге жуық сотқа дейінгі тергеулер тіркеледі, деп хабарлайды Forbes. 2019–2022 жылдар аралығында 131 адам жыныстық қанаудың құрбаны болды.
Бұл ретте сотқа түсетін істердің саны айтарлықтай аз. Адам саудасы Қылмыстық кодексінің 128 ("Адам саудасы") және 135 ("Кәмелетке толмағандар саудасы") баптарында қарастырылған. Соңғы жеті жылда осы баптар бойынша сотталғандардың ең көп саны 2016 жылы тіркелген — соның өзінде небәрі 30 адам.