Қазақстанда адвокаттардың рөлі күшейеді

0
324

Қорғаушылар сараптама объектілерімен таныса алатын болады.


Қазақстанда адвокаттардың рөлі күшейеді

ERNUR.KZ. Қылмыстық процестегі құқық қорғаушылардың рөлі күшейеді. Бұл туралы Мәжіліс отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстерін оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын талқылау барысында айтылды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Қылмыстық процестегі адвокаттардың рөлін күшейту ұсынылады, өйткені қорғаушының іс-әрекетінде бәсекелестік принципін жүзеге асырудың ерекшеліктері, ең алдымен, оның дәлелдеу процесіндегі белсенділігіне байланысты.
Осылайша, қазіргі уақытта сотқа айыптаушы тарап қалыптастырған қылмыстық істер келіп түсуде, бұл өз кезегінде судьялардың іс бойынша айыптауға ой қалыптасуына ықпал етеді. Сот тараптардың өз мүдделерін қорғауда тең мүмкіндіктер мен процестік әрекеттерді қамтамасыз етуі тиіс екенін ескере отырып, адвокаттарға айыптау актісіне қарама-қарсы құжатты, қорғау актісін сотқа енгізу құқығын беру ұсынылады», - деді Әділет министрі Азамат Есқараев.

Министр атап өткендей, қылмыстық қудалау органдары бұқаралық ақпарат құралдарында күдіктінің фигурасын «жамандау» арқылы қоғамдық резонанс тудыратын және тергеу барысына әсер етуі мүмкін ақпаратты жариялай алатындықтан, Заң жобасында адвокатқа сотқа дейінгі тергеудің мәліметтерін жарияламай, күдіктіге тағылған айыпты теріске шығаруды жариялауға мүмкіндік беру ұсынылды.

Осылайша адвокаттың рөлі, оның ішінде сараптама жүргізу кезінде айтарлықтай күшейтіледі.

1) адвокат көшірмелерін алуға құқылы құжаттардың тізімі кеңейтіледі;

2) адвокаттың тағайындалған сараптама бойынша барлық қосымша және нақтылайтын сұрақтары дереу сарапшыға жіберіледі;

3) адвокат сараптама объектілерімен таныса алатын болады.

«Ұсынылған тәсілдер Мемлекет Басшысы атап өткендей адвокаттардың рөлін күшейту туралы, оның ішінде адвокаттар кедергісіз жұмыс істеуі үшін оларға қылмыстық іс материалдарын сотқа дейінгі тергеп-тексеру тіркелгеннен бастап сотқа жолдағанға дейін толық қатысу мүмкін алу ұсынылды», - деді Есқараев.

Оның сөзінше, заң жобасында соттың өз бастамасы бойынша жекелеген іс жүргізу әрекеттерін тағайындау мүмкіндігін болдырмау арқылы (мысалы, тергеу судьясын сараптама тағайындау, тараптардың куәгерлерін шақыру) қылмыстық процесте тараптардың бәсекелестігі артады. Бұл айыптау мен қорғауға өз талаптарын қорғау және қарама-қарсы тараптың талаптарына қарсы тұру үшін өз құқықтарын тең дәрежеде жүзеге асыруға мүмкіндік береді.