Қазақстанда АЭС құрылысын салуы мүмкін компаниялар аталды

0
795

Қазіргі уақытта реакторлық технологиялардың әлемдік 6 жеткізушісінің технологияларын зерттеу бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.


Қазақстанда АЭС құрылысын салуы мүмкін компаниялар аталды

ERNUR.KZ. Қазақстан әлемдік алты компанияның технологиясын елде атом электр станциясын салу мүмкіндігі мәселесі бойынша зерделеуде, деп жазады Ulysmedia.kz.

Қазіргі уақытта реакторлық технологиялардың әлемдік 6 жеткізушісінің технологияларын зерттеу бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.

Бұл америкалық (NuScale), америкалық-жапондық (GE-Hitachi), корей (KHNP), Қытай (CNNC), орыс (Росатом) және француз (EDF) технологиялары. Зерттеулер реакторлардың қауіпсіздік, референттілік критерийлері бойынша, АЭС орналастыру орны, қуаты және құны бойынша жүргізіледі.

“АЭС салу мәселесін ҚР Энергетика министрлігі неғұрлым перспективалы бағыттардың бірі ретінде қарастырады, бұл мәселені әлемдік тәжірибе де растап отыр”, – делінген министрліктің ақпаратында.