Қазақстанда ақшаның иісі бар кітап шықты

0
519

Астанада қазақстандық авторлар жазған инвестициялар туралы қазақ тіліндегі тұңғыш кітап көпшілікке таныстырылды.


Қазақстанда ақшаның иісі бар кітап шықты

ERNUR.KZ. Тұсаукесер Ұлттық кітапханада өтті, деп жазады inbusiness.kz.

Авторлардың айтуынша, бұл жоба коммерциялық емес, жастардың қаржылық сауаттылығына бей-жай қарамайтын азаматтардың демеушілігінің арқасында жүзеге асқан. Өз кезегінде "Инвестициялық әліппесі. Ақшаны қалай көбейтеміз?" инвестиция туралы қазақ тұңғыш кітап болды.

"Қаржы тақырыбындағы әдебиетке деген сұраныстың артуын және бұл бағытта қазақ тіліндегі кітаптардың тапшылығын ескере отырып, біз оқырман қауымға жаздық. Мұнда бірінші кезекте жұмыс істеп жүрген инвесторлардың тәжірибесі жинақталған. Олар отандық қор нарығының тұңғыштары. Халқымыздың тарихы мен мәдениетінің арқылы біз кітапта үнемдеу дәстүрлері туралы айтамыз, ол біздің халқымыз үшін жаңадан келген нәрсе емес. Біз оны жоғалтпауымыз керек, керісінше, жас кезімізден бастап жинақтаудың қаржылық мәдениетін сіңіруіміз керек", - деді кітап авторы Ерқанат Әбени.

Кітап университеттерге тегін таратылады. Оқу орындарына Алматыдан алып кетуге болады. Ол үшін Talentcorpkz@gmail.com поштасына жазсаңыз болды (Оқу орнын көрсетіңіз, содан кейін Сізге кітаптарды алып кетуге болатын мекен-жай мен байланыс деректері жіберіледі)

Сондай-ақ кітап "Меломан" интернет-дүкенінің желісіне түсіп, өзіндік құнынан төмен, бар болғаны 990 теңгеден сатылып жатыр.

Авторлардың айтуынша, кітап беттері жаңадан басылған американдық долларлардың иісі бар арнайы иіссулармен өңделген.

Кітап туралы: "ИНВЕСТИЦИЯ ӘЛІППЕСІ. Ақшаны қалай көбейтеміз?" барлығына түсінікті, қарапайым тілде жазылған практикалық нұсқаулық. Авторлар 87 инвестициялық кітапты талдап, қоғамдық пікір көшбасшыларымен кездескен, Forbes Kazakhstan өкілдерінен инвестициялау принциптері, ақшаға деген көзқарасы туралы сұрап, сонымен қатар трейдингтегі жеке тәжірибелерімен бөліскен.

Бұл қаржылық сауаттылық пен замандастарымыздың өмірінен алынған мысалдар мен тәжірибеге сүйеніп жазылған Қазақстандағы алғашқы іргелі еңбек. Кітапта сіз инвестициялаудың қарапайым тәсілдерін, ақшаны көбейтудің, қаражатыңызды жоспарлаудың және биржалық сауданың әртүрлі құралдарын таба аласыз, оларды кез келген адам, кез келген жерде пайдалана алады.