Қазақстанда әлі бір де бір азамат өзін президент сайлауына тіркеген жоқ

0
392

Президент сайлауы 20 қараша күні өтеді.


Қазақстанда әлі бір де бір азамат өзін президент сайлауына тіркеген жоқ

ERNUR.KZ. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман мәлім етті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Айта кетейік, бүгін, 2022 жылдың 23 қыркүйегінен бастап Қазақстандағы президент сайлауына кандидаттарды тіркеу басталды.

«Бүгін таңғы сағат 10.35-тегі жағдай бойынша бір де бір азамат кандидат ретінде өтініш берген жоқ», - деді Мұхтар Ерман.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда 20 қараша күні президент сайлауы өтеді.