Қазақстанда әскери қызметшілерге берілетін қаржылай көмек 30 пайызға артады

2
751

Бұл жайында Қазақстан Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде айтты.


Қазақстанда әскери қызметшілерге берілетін қаржылай көмек 30 пайызға артады

ERNUR.KZ. Қазақстанда әскери қызметшілерге берілетін қаржылай төлем 3 жыл ішінде 30 пайызға артады, деп жазады ҚазАқпарат.

Бұл жайында Қазақстан Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде айтты.

"Қорғаныс министрлігіне мүдделі органдармен бірлесіп, 2021 жылғы 1 қарашаға дейін Қарулы Күштердегі, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдардағы идеологиялық жұмыстардың тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырамын", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар ол әскерилерді әлеуметтік-құқықтық тұрғыдан қорғау мәселесіне тоқталды.

Президент келесі жылдан бастап күштік құрылымдарға арналған азық-түлікке бөлінетін қаржы көлемі артатынын, алдағы 3 жыл ішінде әскери қызметшілерге берілетін қаржылай төлемді орташа есеппен 30 пайызға көбейту туралы шешім қабылданғанын хабарлады.