Қазақстанда ауруханаларда видео және фото түсірілім жасауға салынған тыйым алынды

0
745

Қаулы 2021 жылғы 20 қыркүйекте сағат түнгі он екіден бастап күшіне енеді.


Қазақстанда ауруханаларда видео және фото түсірілім жасауға салынған тыйым алынды

ERNUR.KZ. Еліміздің бас санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы жарияланды, деп жазады Stan.kz.

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 38 қаулысына өзгерістер енгізілді.

Аталмыш №38 қаулыда медициналық мекемелерде пациенттер мен медицина қызметкерлерінің келісуінсіз оларға аудио, фото және бейне түсірілім жүргізуге шектеу салынатыны айтылған болатын.

"Денсаулық сақтау ұйымдарында, жедел медициналық жәрдем машиналарында, жергілікті атқарушы органдар карантин үшін айқындаған үй-жайларда, сондай-ақ медицина қызметкерлері үйде медициналық көмек көрсету, ошақта эпидемиологиялық тергеп-тексеру жүргізу, науқастардан және байланыста болған адамдардан сұрау және сауалнама алу кезінде пациенттер мен медицина қызметкерлерінің келісуінсіз оларға аудио, фото және бейне түсірілім жүргізуге шектеу салынсын", - деп жазылған қаулы мәтінінде.

Cондай-ақ, бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы бойынша COVID-19 инфекциясын жұқтырған науқаспен байланыста болған адамдарды оқшаулау тәртібі өзгерді.

Қаулы 2021 жылғы 20 қыркүйекте сағат түнгі он екіден бастап күшіне енеді.