Қазақстанда автоХҚКО-лар жұмысы қайта жанданды

0
322

2​5 мамырда Ішкі істер министрлігінің ақпараттық жүйесіндегі техникалық ақауларға байланысты Қазақстанның мамандандырылған ХҚКО-ларында автоқызметтер қолжетімсіз болды.


Қазақстанда автоХҚКО-лар жұмысы қайта жанданды

ERNUR.KZ. Қазақстанда Бүгінде мәселе оң шешімін тауып, барлық автоХҚКО-лар штаттық режимде жұмыс істей бастады, деп хабарлады Хабар24.

«Біздің әріптестеріміз жүйелеріндегі ақауларды жойды. Ол өте күрделі ақау болды және Ішкі істер министрлігінің мамандары мәселені мүмкіндіктерінше тезірек шешу үшін ауқымды жұмыс жүргізді. Бүгін таңертеңнен бастап біздің автоХҚОлар штаттық режимде жұмыс істей бастады. Біз өткен күндер ішінде жиналған барлық өтінімді жедел өңдеуге тырысамыз. Келтірілген қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз», – деді Азаматтарға арналған үкіметтің басқарма төрағасы Әділ Қожықов.

Айта кетейік, 25 мамырда Ішкі істер министрлігінің ақпараттық жүйесіндегі техникалық ақауларға байланысты Қазақстанның мамандандырылған ХҚКО-ларында автоқызметтер қолжетімсіз болды.