Қазақстанда автокөлік саны 4 жарым миллионнан асты

0
460

Биыл қаңтар айының өзінде 126,9 мың бірлік автокөлік құралы тіркеуге қойылыпты.


Қазақстанда автокөлік саны 4 жарым миллионнан асты

ERNUR.KZ. Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 4,5 миллионнан асқан. Оның ішінде 87,9 пайызы жеңіл көліктер, деп жазады stan.kz.

Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сүйенсек, 2023 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша елде тіркеуден өткен 4 миллион 518,7 мың автомобиль бар. Оның 10 пайызы жүк көліктері болса, 2,1 пайызы – автобус. Қалған 87,9 пайызы – жеңіл автокөліктер.

Биыл қаңтар айының өзінде 126,9 мың бірлік автокөлік құралы тіркеуге қойылыпты. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 27,3 пайызға көп. Дей тұрғанымен осы жылы ескі көліктер саны артқан. Яғни қаңтар айында тіркеуге қойылған транспорттың 77 328-і 10 жылдан асып кеткен екен.

Ал сақтандыру компаниялары биыл 4,3 миллион теңгеге 7879 сақтандыру төлемін жүзеге асырған.