Қазақстанда азаматтардың банкроттылығы рәсімінің 3 түрі енгізіледі

0
459

Бүгінде азаматтардың едәуір бөлігінің қаржылық жағдайы нашарлаған.


Қазақстанда азаматтардың банкроттылығы рәсімінің 3 түрі енгізіледі

Қазақстанда азаматтардың банкроттылығы рәсімінің 3 түрі енгізілмек. Бұл туралы ҚР Қаржы бірінші вице-министрі Марат Сұлтанғазиев мәлім етті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгінде азаматтардың едәуір бөлігінің қаржылық жағдайы нашарлаған. Оның әр түрлі себептері бар: экономикалық құлдырау аясында әл-ауқат деңгейінің төмендеуі, карантиндік шараларының енгізілуі. Несие бюросының ақпаратына сәйкес, бүгінде 1 миллионнан астам азамат коммуналдық және салықтық төлемдер бойынша несиелерді өтеу мерзімдерін бұзуға жол берген. Жаңа заң адал қарыз алушыларға көмектесе алады.
«Мемлекет басшысының биылғы 5 қаңтардағы тапсырмасын орындау үшін министрлік жеке тұлғалардың банкроттығы институтын енгізу бойынша жұмысты қайта бастады, халықаралық тәжірибені ескере отырып, қарыз сомасы мен ұзақтығына байланысты рәсімдердің 3 түрі ұсынылады. Бірінші, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру - тұрақты табыс болған жағдайда сотта қарыздарды төлеуге 5 жылға дейін бөліп-бөліп төлеу мүмкіндігін көздейді. Қалпына келтіру жоспары қаржы басқарушысымен бірлесіп әзірленеді және 5 млн теңгеден асатын берешек кезінде сот органдарымен бекітіледі. Ол үшін екі тараптың - борышкер мен кредитордың келісімі қажет. Жоспарда көзделмеген жағдайлардың барлығы, мысалы, мүлікті сату, қолданылмайды. Екінші. Тұрақты табыс пен берешекті өтеу бойынша перспективалар болмаған жағдайда, банкроттықты екі түрде қолдану ұсынылады: Біріншісі - соттан тыс банкроттық. Оны үш жағдайда қолдануға болады: банктер мен микроқаржылық ұйымдар алдында 5 жылдан астам мерзімі өткен азаматтар; азаматтар, егер қарыз 12 ай ішінде өтелмеген болса, қарыз сомасы 300 мың теңгеден аспауы керек және қарызды өтеуге болатын мүлік жоқ; сондай - ақ, 5 млн теңгеге дейінгі қарызы 6 ай ішінде өтелмеген азаматтар банкроттық рәсімін бастай алады», - деп түсіндірді спикер.


Соттан тыс банкроттықты қолдану туралы өтінішті азамат «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы береді. Сондай-ақ, «Е-салық азамат» қосымшасы арқылы құжаттарды тапсыру мүмкіндігі қарастырылған.


Құжаттарды қабылдағаннан кейін талаптарға сәйкестігіне (мүліктің болмауы, мерзімін өткізіп алу мерзімдеріне сәйкестігі және басқалары) автоматтандырылған тексеру жүргізілетін болады.