Қазақстанда байлыққа салық салу қажет пе? – Қаржы министрі жауап берді

0
842

Байлыққа салық салу туралы сұрақтар бірнеше жыл бұрын көтерілген.


Қазақстанда байлыққа салық салу қажет пе? – Қаржы министрі жауап берді

ERNUR.KZ. Мәжілістің кулуарында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Қазақстанда байлыққа салық салу туралы қойылған сұраққа жауап берді, деп жазады baq.kz.

Байлыққа салық салу туралы заң қабылдау қажет деп санайсыз ба? – деп журналистер кулуарда министрден сұрады.

Байлыққа салық салу туралы сұрақтар бірнеше жыл бұрын көтерілген. Енді Қаржы министрлігі, Ұлттық экономика министрлігі салыққа қатысты мәселелерді уақыты келгенде қарастырып отырады. Себебі біздің негізгі мақсатымыз – экономиканың дамуына үлес қосу, халықтың әл-ауқатын көтеру үшін салықтық жүктемені қарастырып отырамыз, – деді министр.

Ерұлан Жамаубаев байлыққа салық енгізу туралы былай деді.

Ол үшін байлықтың деңгейін анықтау керек. Байлық деген не? Ол қандай сомадан басталады? Қанша жалақыдан басталады? Көлемі қандай болады? Бірақ өздеріңіз көріп отырғандай, қазіргі салықтың өзі диференциалды түрде салынады. Мысалы, 100 мың теңге алатын адамға – 10 мың теңге (10%), 200 мың теңге алатын адамға – 20 мың теңге (10%). Сол себепті салықтың қазіргі шкаласында кім көп жалақы алса, соған байланысты салықты да көп төлейді. Ал енді көп төлеу ұсынысын қарастыру керек. Оны қандай мөлшерде төлеу керек? Қай көлемнен бастап байлық деп санап-санамау керек? Байлық деген қанша сомадан, жалақыдан басталатынын ешкім айта алмайды, – деп толықтырды Қаржы министрі.