Қазақстанда баланың аты-жөнінде әкесінің аты орнына анасының атын жазуға бола ма?

0
574

Министрлік баланың тууы туралы жазбаға әкесінің атын енгізу міндетті емес екенін хабарлады.


Қазақстанда баланың аты-жөнінде әкесінің аты орнына анасының атын жазуға бола ма?

ERNUR.KZ. Биыл көрші Қырғызстанда баланың аты-жөнінде әкесінің аты орнына анасының атын жазуға рұқсат заңдастырылып, содан кейін жойылды. Бұл туралы Қазақстан заңнамасында не қарастырылған, деп жазады tengrinews.kz.

Әділет министрлігінің жауабында, еліміздің қолданыстағы неке-отбасы заңнамасы жеке куәлікте баланың толық аты-жөнінде әкесінің атын жазуды қарастыратыны көрсетілген.

"Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" кодекстің 63 бабына сәйкес, баланың атын, әкесiнiң атын және тегiн алуға құқығы бар. Баланың атын өзара келісім бойынша ата-аналары немесе баланың басқа да заңды өкілдері береді. Әкесінің аты ата-аналарының немесе баланың басқа да заңды өкілдерінің тілегі бойынша оның әкесі болып көрсетілген адамның аты бойынша беріледі", - деді Әділет министрлігінде.ЧОМ.

Осылайша, Қазақстанда бүгінде баланың жеке куәлігіне анасының атын жазуға заңды негіз жоқ.

Бұл ретте министрлік баланың тууы туралы жазбаға әкесінің атын енгізу міндетті емес екенін хабарлады.

"Ұлты қазақ адамдардың аты-жөнін әкесінің аты тегін ауыстырған кезде тәртіппен жазуға рұқсат етіледі, ол бірінші тұруы керек, содан кейін аты, ал әкесінің аты қалауынша жазылады. Әкесінің аты тегін -ұлы, -қызы жалғауларымен ауыстырған жағдайда, әкесінің аты жазылмайды", - деп толықтырды Әділет министрлігі.