Қазақстанда барлық пойыздарда WI-FI қосылады

0
1 689

​«Жолаушылар тасымалы» АҚ басқарма мүшесі Алмас Айтпаев Қазақстанның барлық жолаушылар пойызында Wi-Fi қызметін қолжетімді ету мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Aiqyn.kz.


Қазақстанда барлық пойыздарда WI-FI қосылады

«Жолаушылар тасымалы» АҚ басқарма мүшесі Алмас Айтпаев Қазақстанның барлық жолаушылар пойызында Wi-Fi қызметін қолжетімді ету мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Aiqyn.kz.

«Қазіргі уақытта Алматы-Петропавл және Алматы-Астана бағыттарына Wi-Fi қызметі енгізілді. 2020-2022 жылдары өзге бағыттарға да енгізіледі», – деді Алмас Айтпаев Астанада өткен брифингте.

Сонымен бірге, А.Айтпаев барлық пойыздарды Wi-fi қызметімен қамту мәселесіне тоқталды.

«2020-2022 жылдарға дейін Қазақстан темір жолы барлық темір жол желісіне Wi-Fi жүйесін енгізуді жоспарлап отыр, сонда барлық пойыздарда Wi-Fi қолжетімді болады», – деді ол.