Қазақстанда бензин арзандай ма? Министр жауабы

0
482

Министр Қазақстандағы мұнай өнімдері бағасының төмендігі көршілес мемлекеттерге үлкен көлемде рұқсатсыз тасмалдануы себебінен болғанын айтты.


Қазақстанда бензин арзандай ма? Министр жауабы

ERNUR.KZ. Энергетика министрі Болат Ақшолақов Қазақстанда жақын арада бензин арзандауы мүмкін бе деген сұраққа жауап берді, деп жазады Tengrinews.kz.

"Қазақстан ТМД елдері мен дүние жүзінде бензин бағасының арзандығы бойынша алғашқы бестікке кіретінінен бастайық. Бұл бестікте нарықтық қатынас мүлде жоқ елдер кіреді және т.б.", - деді Ақшолақов брифинг барысында.

Министр Қазақстандағы мұнай өнімдері бағасының төмендігі көршілес мемлекеттерге үлкен көлемде рұқсатсыз тасмалдануы себебінен болғанын айтты.

"Былтыр не себепті тапшылық көрдік? Өйткені мұнай өнімдері шекарадан бақылаусыз тасымалданды. Экспортқа тыйым салынғанына қарамастан. Ресейдің мұнай өнімдері арзан болуы мүмкін, бірақ қазір қымбаттады, өйткені Қазақстан мен Ресейдегі баға арасында өте үлкен алшақтық болды – шамамен 100 теңге. Ресейлік өнім біздікінен арзандап, нарықты толтырып жатқаны байқалмайды", - деді министрлік басшысы.
Ақшолақовтың айтуынша, АИ-92 және АИ-93 бағасы 192 теңге, АИ-95 215 теңге, бір литр дизель 230 - 260 теңге деңгейінде қалады.
"Акцизге келетін болсақ, мұнай өнімдерін сату кезінде маржаның белгілі бір бөлігін алған өнімсіз делдалдарды алып тастау ұйғарылды. Маржаның бұл үлесі акциздер түрінде мемлекетке түседі. Баға өспейді. Жаңа акциздер қолданылғандықтан баға көтерілмейді, бірақ оның төмендеуі де екіталай. Баға әлі де сақталып тұр", - деп түйіндеді министр.