Қазақстанда бензин қымбаттады

0
779

АИ-92 бензині 154 теңгеге жетті.


Қазақстанда бензин қымбаттады

ERNUR.KZ. Қазақстанда бензин бағасы қымбаттады, деп жазады Tengrinews.kz.

Қазір "ҚазМұнайГаз" жанармай құю станцияларында АИ-92 бензині 154 теңгеге жетті. Мұның алдында елордадағы жанармай құю станцияларында бұл бензин 152 теңге тұрған еді.

Sinooil бекеттерінде АИ-92 150 теңгеден сатылса, Helios пен Royal Petrol-да 149 теңгеден сатылып жатыр.

Әлеуметтік желіге жүктелген суреттерден кей жерлерде АИ-92-нің 158 теңгеге сатылып жатқанын байқауға болады.