Қазақстанда бір адам коронавирус инфекциясынан көз жұмды

0
464

Бір тәулік ішінде Қазақстанда 180 адам COVID-19 жұқтырған.


Қазақстанда бір адам коронавирус инфекциясынан көз жұмды

ERNUR.KZ. 11 желтоқсандағы жағдай бойынша, елімізде КВИ-ден 1 849 адам емделіп жатыр, оның 263-і ауруханада ем алуда, деп жазады zakon.kz.

Бір тәулік ішінде Қазақстанда 180 адам COVID-19 жұқтырған.

11 желтоқсандағы жағдай бойынша, елімізде КВИ-ден 1 849 адам (1 635 КВИ+ және 214 КВИ -) ем алып жатыр, оның ішінде стационарларда - 263, амбулаториялық деңгейде 1 586 науқас тіркелген.

КВИ+ және КВИ- шалдыққандар арасында:

ауыр жағдайда - 7 науқас,

өте ауыр жағдайда - 4 науқас,

ӨӨЖ апараттына қосулы - 3 науқас.

1 адам - коронавирус инфекциясынан көз жұмды.

Алдыңғы тәулікте елімізде 229 адамнан коронавирус инфекциясы анықталғаны хабарланған болатын. 2020 жылғы 13 наурыздан бастап Қазақстан бойынша 1 398 662 жұқтыру жағдайы тіркелді. Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде COVID-19-дан 6 652 297 адам қайтыс болды.