Қазақстанда бір рет қолданылатын электронды темекіге тыйым салынуы мүмкін

0
553

​Электронды тұтыну жүйелері мен олардың сұйықтығы техрегламент талаптарына сәйкес келген жағдайда ғана нарыққа жіберіледі.


Қазақстанда бір рет қолданылатын электронды темекіге тыйым салынуы мүмкін

ERNUR.KZ. Қазақстанда құрамында никотин бар өнімдердің техникалық регламентін бекіту жоспарланып отыр. Тиісті бұйрық "Ашық НҚА" порталында жарияланды. 15 қазанға дейін талқыланатын болады, деп жазады sputnik.kz.

"Техникалық регламент құрамында никотин бар өнімді Қазақстан аумағында қолдану, сақтау, тасымалдау, сату, таңбалау, жоюды реттейді", - делінген құжатта.

Бұйрыққа сәйкес, Қазақстан нарығына ашық түрдегі электронды тұтыну жүйелерін, ауыстырылатын контейнерлер мен ашық түрдегі никотинді, сондай-ақ никотинсіз сұйықтық құюға арналған ыдыстарды шығаруға жол берілмейді.

"Қазақстан нарығына бір рет пайдаланылатын электрондық темекі шығаруға жол берілмейді", - делінген құжатта.

Сондай-ақ тұтынушы қаптамасынсыз электрондық тұтыну жүйелері мен сұйықтықтарды айналысқа шығаруға тыйым салынады.

Регламент бойынша 21 жасқа дейінгілерге электрондытұтыну жүйелері мен сұйықтықтар сатылмайды.

Құрамында никотин бар ауызбен тұтыну өнімдері (никпэк, снюс) әкелуге, өндіруге, сатуға және таратуға тыйым салу көзделуде.

Электронды тұтыну жүйелері мен олардың сұйықтығы техрегламент талаптарына сәйкес келген жағдайда ғана нарыққа жіберіледі.