Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 50 адам көз жұмды

0
776

Бүгінгі күнге дейін республика бойынша коронавирус жұқтырған 95 942 науқас тіркелді.


Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 50 адам көз жұмды

Елімізде өткен тәулікте COVID-19 және коронавирус белгісі бар пневмониядан 50 адам қайтыс болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрлік мәліметіне сәйкес, өткен тәулікте Қазақстанда COVID-19 және коронавирус белгісі бар пневмониядан 50 адам көз жұмған. 34 адам коронавирустан, 16 адам коронавирус белгісі бар пневмониядан қайтыс болған.

Айта кетейік, өткен тәулікте 1530 адамнан коронавирус белгісі бар пневмония анықталды.