Қазақстанда бір жылда 93 жаңа мектеп пайдалануға берілді

0
487

Жаңа мектептер еліміздің 13 облысында салынған.


Қазақстанда бір жылда 93 жаңа мектеп пайдалануға берілді

ERNUR.KZ. Өткен жылдың қаңтар-желтоқсан аралығында Қазақстанның 20 өңірінің 13-інде жалпы білім беретін 93 мектеп пайдалануға берілді. Ал бір жыл бұрын 85 мектеп салынған болатын. Яғни, жылдық өсім 9,4 пайызды құрады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Finprom сарапшылары атап өткендей, бұл ретте мектептерде 46,9 мың оқушы орны енгізілді, бұл бір жыл бұрынғыдан 7%-ға аз.

«Өңірлер бойынша оқушы орындарының ең көп саны Түркістан облысында – 11,4 мың орын тіркелді, жыл сайынғы өсім 35,1%-ды құрады. Үздік үштікке сондай-ақ Шымкент (5,6 мың орын) және Атырау облысы (5,6 мың орын) кірді», - делінген зерттеуде.

Іске қосылған нысандардың нақты құнына келетін болсақ, жалпы көрсеткіш 210,2 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда құндық мәнде 23,6%-ға артық. Бұл көрсеткіште те Түркістан облысы көш бастады: 49,5 млрд. Үздік үш аймаққа Атырау облысы мен Астана кірді.

2023 жылдың үшінші тоқсанында бастауыш білім беру саласында қызмет көрсету көлемі 110,7 млрд теңгеге жетті, бұл бір жыл бұрынғыдан 21,4%-ға артық. Негізгі және жалпы орта білім беру саласындағы қызметтер осы кезеңде 526,1 млрд теңгені құрап, бір жыл ішінде 18,2%-ды құрады.

Өңірлер бойынша бастауыш білім беру саласында ең көп қызмет Түркістан облысында көрсетілді: 22,2 млрд теңге, жылдық өсім – 12,6%. Үздік үштікке Жамбыл облысы (15,3 млрд теңге) мен Алматы (12,4 млрд теңге) қаласы да кірді.

«Негізгі және жалпы орта білім беру саласында ең көп қызмет Алматы облысында көрсетілді: 58,3 млрд теңге, бір жылдық өсім – 21,5%. Одан кейін Түркістан облысы (50,5 млрд теңге) мен Алматы қаласы (38,8 млрд теңге) тұр», - дейді сарапшылар.

Өз кезегінде ҚР Оқу-ағарту министрлігі Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының (БББҚ) есебінен 15 мыңға жуық оқушы орны бар 20 жаңа мектеп салынатынын хабарлады. Өткен жылы Қаржыландыру қорынан 96 млрд теңгеге 76,7 мың оқушы орнына арналған 62 жоба қаржыландырылды.