Қазақстанда бірнеше автожолда көлік қозғалысы ашылды

0
331

21 сәуірде республикалық маңызы бар бірнеше автожолда көлік қозғалысы ашылды.


Қазақстанда бірнеше автожолда көлік қозғалысы ашылды

ERNUR.KZ "ҚазАвтоЖол" компаниясы үш облыста республикалық маңызы бар автожолдарда козғалыстың ашылғанын хабарлады, деп жазады sputnik.kz.

21 сәуірде республикалық маңызы бар бірнеше автожолда көлік қозғалысы ашылды.
Ақмола облысы:
"Жезқазған-Петропавл" автомобиль жолының 377-440 шақырымы (Қостанай облысының шекарасы – Державинск қаласы учаскесі);
Қостанай облысы:
"Жезқазған-Петропавл" автомобиль жолының 339-377 шақырымы (Арқалық қаласы – Ақмола облысының шекарасы учаскесі);
Солтүстік Қазақстан облысы:
"Петропавл-Соколовка-РФ шекарасы" автомобиль жолының 17-72 шақырымында (Якорь ауылы – Қызылжар бақылау-өткізу пункті учаскесі).