Қазақстанда бүгін жаңа мереке атап өтіледі

0
884

Жаңа мереке туралы ұсынысты Қазақстанның азаматтық авиациясы соғыс және еңбек ардагерлерінің бірлескен кеңесі енгізген.


Қазақстанда бүгін жаңа мереке атап өтіледі

ERNUR.KZ. Қазақстанда жаңа кәсіби мереке пайда болды - бүгін, 1 ақпанда республика Азаматтық авиация қызметкерлері күнін атап өтеді, деп жазады tengrinews.kz.

Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті бұған дейін берген мәлімет бойынша, жаңа мереке туралы ұсынысты Қазақстанның азаматтық авиациясы соғыс және еңбек ардагерлерінің бірлескен кеңесі енгізген.

"Азаматтық авиация комитеті бұл мерекені айқындау бойынша барлық тиісті жұмысты атқарды, ал Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл бастаманы қолдады. Кәсіби мереке азаматтық авиация саласындағы іс-шараларға ерекше мән береді және мемлекеттің жас авиаторларының патриоттық рухын дамытуға ынталандыру болады", - деді комитет өкілдері.