Қазақстанда дәрі-дәрмек тапшылығы болмай ма: Министр жауап берді

0
2 090

Министр дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері ерекше бақылауда екенін атап өтті.


Қазақстанда дәрі-дәрмек тапшылығы болмай ма: Министр жауап берді

ERNUR.KZ. Қазақстанның барлық өңірінде дәрі-дәрмектің қажетті қоры жасалған. Бұл туралы дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штабтың отырысында денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді, деп жазады Stan.kz.

Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысында дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және көлік мәселелері қаралды.

"Қазір республиканың 8 өңірінде – Алматы қаласы, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Алматы, Павлодар, Қостанай, Ақмола және Түркістан облыстарында 5 миллиард теңгеден астам сомаға дәрі-дәрмектің тұрақтандыру қорлары жұмыс істейді", – деді Ажар Ғиният.

Қалған 9 өңірде ірі көтерме дәріхана қоймаларында дәрі-дәрмек қоры жасалған.

Министр дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері ерекше бақылауда екенін атап өтті.

Жедел штабтың келесі отырысы 17 наурызда өтеді.