Қазақстанда демалыс күндері 15 адам суға батып қаза болды

0
1 574

Төтенше жағдайлар комитеті азаматтарды су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.


Қазақстанда демалыс күндері 15 адам суға батып қаза болды

ERNUR.KZ. Қазақстанда өткен демалыс күндері 20-21 шілдеде су айдындарында 15 адам, оның ішінде 2 бала қаза болған деп хабарлайды Stan.kz.

12 адам, оның ішінде 2 бала суға түсуге жабдықталмаған жерде шомылған. Ал екеуі балық аулау кезінде батып кеткен. Ал біреуі гидроциклде сырғанау кезінде суға ағып кеткен.

«Осы демалыс күндері 20-21 шілде аралығында ТЖД бөлімшелері 452 алдын алу тобын құрды. Олар 563 рейд жүргізді, 18 711 жаднама таратты. Бұл ретте 15 адам құтқарылды, оның ішінде 1 бала бар. Демалыс кезінде балалардың су қоймаларына, суару арықтарына және каналдарға жақын болуына ата-аналардың жауапкершілік танытуына ерекше назар аударғымыз келеді», – дейді ТЖ комитетінің баспасөз қызметі.

Төтенше жағдайлар комитеті азаматтарды су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады. Демалыс орындарында су айдынында болған кезде: алкогольдік және есірткілік мас күйінде суға кіруге және шомылуға, суға қайықтардан, катерлерден, айлақтардан, сондай-ақ осы мақсаттарға бейімделмеген құрылыстардан секіруге; тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерде сүңгуге; жүзудің шекарасын белгілейтін буйкадан әрі жүзуге; жүзуге арналмаған заттармен жүзуге; кемелерге жақындауға; су қоймаларын ластауға және оларға қоқыс лақтыруға; жағада және киім шешетін орындарда демалушыларға жарақат келтіруі мүмкін қоқыстарды қалдыруға; жалған дабыл айқайларын беруге; техникалық және ескерту белгілеріне, буйкаларға көтерілуге; балаларға ересек адамдарсыз суға кіруге; шомылып жатқан балаларды қараусыз қалдыруға жол бермеуге ескерту жариялады.