Қазақстанда дипломсыз да айына 150 мың теңге табыс табуға болады

0
1 708

Белгілі себептермен жоғары оқу орнына түсіп, маман иесі атануға мүмкіндігіңіз болмады ма? Ендеше, абыржымаңыз. Дипломсыз да қатарыңыздан қалмай,тіпті олардан еселеп артық табыс табуға болады. Осы ретте дипломды қажет етпейтін мамандықтар қандай деген сұрақ туындайды. ERNUR.KZ порталы Атырау басылымына сілтеме жасап бұл сауал жауабын назарларыңызға ұсынады.

Мәселен, жақсы шебер айына 150 мыңнан астам қаражат таба алады. Егер кәсібіңізді жақсы дамытып кетсеңіз, жұмысыңыздың өзі-ақ дөңгеленіп сала беретіні анық. Өзіңіздің бұл жұмысқа қызығушылығыңыз болса, сізге ғаламтор желілері көмектеседі.

Диломды қажет етпейтін мамандықтар қатарына слесарь-сантехниктерді де жатқызуға болады. Біле білсеңіз, слесарь-сантехниктердің айлығы 100-150 мың теңгеден кем емес.

Табысты мамандықтың бірі — дәнекерлеуші. Бар болғаны,металл дәнекерлеу қолыңыздан келсе болғаны. Күніне 4-5 мың теңге көлемінде табыс таба аласыз. Айтпақшы, фотограф немесе видеооператор үшін дипломның мүлде керегі жоқ. Той-думанды сүйетін қазақ халқының ортасында бұл маман иелерінің жұмысы әрдайым сұранысқа ие. Білікті мамандар бір той түсіріліміне 200 мың теңгеден табыс табатынын ескерсек, қалтаңыз қалыңдай түсетіні анық.

Бұл топқа электрик маманын да қосайық. Бұл маман иесі әр үйге қажет. Мұндай қызметке мұқтаж қаншама кәсіпорын, мекемелерді де ескеріңіз. Жақсы электриктер айына 150 мың теңгеден табады.