Қазақстанда дзюдошыларды даярлау жүйесі өзгереді

0
624

Бұл болашақ олимпиадашыларды даярлау процесін күшейтуге мүмкіндік береді.


Қазақстанда дзюдошыларды даярлау жүйесі өзгереді

ERNUR.KZ. Дзюдодан жастар және жасөспірімдер құрамалары енді негізгі ұлттық құрамамен бір алаңда жаттығатын болады, деп жазады sputnik.kz.

Дзюдо бойынша федерация мен жаттықтырушылар штабы мәдениет және спорт министріне Ұлттық құрама мүшелерін 2024 жылғы XXXIII жазғы Олимпиадға дайындау жоспарын және жаңа әдістеме жобасын таныстырды.
Алдағы уақытта жас дзюдошылар негізгі құрамамен және әлемнің үздік дзюдошыларымен бірлесіп оқу-жаттығу жиындарына да қатысатын болады.
Сонымен қатар, оларды халықаралық деңгейдегі жарыстарға қатысуға іріктеу критерийлері де қайта қаралады. Бұл болашақ олимпиадашыларды даярлау процесін күшейтуге мүмкіндік береді.
"Үлкен жұмыс жүргізіліп жатыр, көптеген процестер қайта қаралып, өзгереді. Мұның бәрі нақты алдағы Олимпиада ойындарында оң нәтиже беруі керек. Сондықтан бұл мәселеде біз бәріміз жауаптымыз", - деді Дәурен Абаев