Қазақстанда екі білім беру платформасы біріктіріледі

0
73

​Алдағы уақытта бір парольмен "Күнделікке" де, Daryn.online платформасына да кіруге болады. Бұл жұмысты жеңілдетеді.


Қазақстанда екі білім беру платформасы біріктіріледі

ERNUR.KZ. Келесі айда "Күнделік" пен Daryn.online платформасы біріктіріледі. Бұл туралы Daryn.online-ның өкілі Ержан Оңалбаев мәлімдеді, деп жазады Sputnik Қазақстан.

"Қазіргі кезде Daryn.online мен "Күнделікті" біріктіріп жатыр. Интеграция болады. Қазан айында аяқталады деп отырмыз. Бұл дегеніміз, бір парольмен "Күнделікке" де, Daryn.online платформасына да кіруге болады", - деді Оңалбаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Оның айтуынша, қазіргі кезде бір мектепте 4-5 білім беру платформасы қолданылып жатады. Содан әрбір оқушы мен мұғалімге 4-5 логин мен пароль жаттап жүруге тура келеді. Ал екі платформаны біріктіргеннен кейін жұмыс жеңілдей түседі.


"Сосын Daryn.online-да тест жасауға болады. Ал тестің нәтижесі "Күнделікке" шығып тұрады", - деп атап өтті Оңалбаев.


Ал брифингке бейнебайланыс арқылы қатысқан "Күнделік" ЖШС бас директоры Мұхтар Ілиясов дәстүрлі білімге көшуге қатысты пікір білдірді.


"Карантинге қатысты жағдай реттеледі деп сенемін. Сөйтіп, екінші тоқсанда өзіміз үйренген білім беру арнасына оралатын шығармыз. Негізі бейнебайланыс білім беруге жатпайды. Бұл қосымша құрал ғана. Ал мектепте "тет-а-тет" қарым-қатынас, яғни педагогтың балалармен тікелей қарым-қатынаста болғаны маңызды", - дейді Ілиясов.


Оның ойынша, дәстүрлі білім беруге көшкеннен кейін кейбір жағдайларда қашықтан оқыту форматын қолдана береді.


"Дегенмен, нағыз сапалы білім онлайн емес, ол – офлайн білім", - деп түйіндеді Ілиясов.

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет