Қазақстанда екі мыңнан астам өзбек азаматы әкімшілік жауапқа тартылды

0
718

Бұған қоса, "шетел азаматтарын заңсыз жұмысқа тартқан" 56 жұмыс беруші әкімшілік жауапқа тартылған.


Қазақстанда екі мыңнан астам өзбек азаматы әкімшілік жауапқа тартылды

ERNUR.KZ. Қазақстанда жыл басынан бері екі мыңнан астам Өзбекстан азаматын әкімшілік жазаға тартқан, деп жазады azattyq.org.

"Қазақстанға келу ережесін бұзғаны үшін Өзбекстанның екі мыңнан астам азаматы әкімшілік жауапқа тартылды. 427 азаматтың елде болу мерзімі қысқарды, 186 азамат Өзбекстанға шығарылды" делінген ІІМ хабарламасында.

Ведомство дерегінше, Өзбекстанда қылмыстық іс бойынша іздеуде жүрген үш адам ұсталған. Бұған қоса, "шетел азаматтарын заңсыз жұмысқа тартқан" 56 жұмыс беруші әкімшілік жауапқа тартылған. Қабылдау орындарына құжаты жоқ 218 шетел азаматы қамалған. "Көші-қон заңнамасын бұзу" фактілері бойынша алты қылмыстық іс қозғалған.

БҰҰ-ның 2015 жылғы дерегі бойынша, Қазақстанда 3,5 миллион мигрант тұрады. Мигранттар көп шоғырланған қалаларға Алматы, Астана, Атырау, Маңғыстау облыстары жатады.

Құқық қорғаушылар мигранттардың құқығына қатысты жиі сыналатын Қазақстанды БҰҰ-ның еңбек мигранттары мен олардың отбасы мүшелерін қорғау туралы конвенциясын ратификациялауға шақырып келеді.