«EcoBusinessLab» курсына қатысу тегін.
ERNUR.KZ. Бүгін елімізде эко-кәсіпкерлікті жүргізу дағдыларын игеруге мүмкіндік беретін «EcoBusinessLab» жобасы басталды, деп жазады baq.kz.
Жобаның мақсаты – кәсіпкерлердің қоршаған ортаны ластағаны үшін жауапкершілігін және ластанудың алдын алу және бақылау бойынша шаралар қабылдауды көздейтін Экологиялық кодексе сүйене отырып, эко-skills дағдылары бар кәсіпкерлерді өсіру.
«EcoBusinessLab» – инновациялық зертхана, халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан адамдарды әлеуметтік қолдау моделі, ол қысқа мерзім ішінде инновациялық тәсілмен эко-кәсіпкерлікті жүргізу дағдыларын игеруге мүмкіндік береді. Кәсіби курстардың инновациялық құрамдас бөлігі – эко-skills жасыл технологияларды қолдану, бұл кәсіпкерлерге экологияны ескере отырып, бизнесті жүргізу негіздерін игеруге мүмкіндік береді.
Жобаға қатысу үшін республика бойынша шамамен 200 өтініш түсті. Оның ішінде 40-қа жуық қатысушы іріктеліп алынды. Енді бүгін олар экологиялық кәсіпкерлік бойынша білім алуды бастады.
Жобаның таныстырылымын өткізуге «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» өздерінің алаңын ұсынды. Осы ретте орталықтың басқарма төрағасы Лима Диас өзі басқарып отырған қоғамның негізгі міндетіне тоқталды.
Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының негізгі қызметі - ҮЕҰ-дың мемлекеттік және мемлекеттік емес гранттарын беру және олардың іске асырылуын бақылауды жүзеге асыру. Яғни Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысымен конкурстық негізде гранттар беріледі. Келесі жылдан бастап жергілікті атқарушы органдарға да беруді жоспарлап отырмыз. Біздің менеджерлер жеңімпаздарға басынан аяғына дейін қолдау көрсетіп, жобасын жүзеге асыруға бірге күш салады. Осы жылы 51 гранттық жобаны жүзеге асырады, - деді Лима Диас.
Сонымен қатар «EcoBusinessLab» жобасының авторы Захира Бегалиева курстың мәні туралы айтып берді.
Көпшілік «EcoBusinessLab»-тың не екенін сұрап жатыр. Бұл – эко-кәсіпкерлерді дайындайтын инновациялық зертхана. Жоба қатысушылары жасыл технологияларды қолдана отырып өз бизнестерін бастауға мүмкіндік алады. Сондай-ақ олар бірегей дизайын саласы бойынша сараптама алады. Бұған дейін мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жобаларды жүзеге асырған болатынбыз. Олар заманауи Digital сала бойынша білімдерін жетілдірді. Кейін «EcoBusinessLab» жобасы ойға келіп, оның аясында эко-кәсіпкерлікті дамытуға болатынын түсіндік. Курсқа қатысуға шамамен 200-ге жуық өтініш түсті. Олардың ішінен 40 адам іріктеліп алынды, - дейді жоба жетекшісі.
«EcoBusinessLab» курсына қатысу тегін. Қатысушылардың жас шамасы 20-40 жас.