Қазақстанда әйел кеден қызметкерлеріне шалбар киюге рұқсат етіледі

0
388

Түзетулер әйелдердің қыс мезгілінде кедендік бақылауды жүзеге асыратынын ескере отырып, "шалбар" киім элементін әйелдердің күнделікті нысанды киіміне енгізуге қатысты.


Қазақстанда әйел кеден қызметкерлеріне шалбар киюге рұқсат етіледі

ERNUR.KZ. Қаржы министрлігі нысанды киім үлгілеріне, нысанды киім киюге құқығы бар мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің тізбесіне, онымен қамтамасыз етудің заттай нормалары мен айырым белгілеріне, сондай-ақ оны кию ережелеріне түзетулер дайындады, деп жазады zakon.kz.

Түзетулер әйелдердің қыс мезгілінде кедендік бақылауды жүзеге асыратынын ескере отырып, "шалбар" киім элементін әйелдердің күнделікті нысанды киіміне енгізуге қатысты.

Осылайша, әйелдер формасының жиынтығына мыналар кіреді:

  • сұр түсті берет;
  • қою көк түсті пиджак;
  • сұр түсті белдемше;
  • жеңі ұзын ақ түсті жейде;
  • жеңі қысқа ақ түсті көйлек;
  • көгілдір-сұр жолақты көк түсті галстук;
  • қою көк түсті тері күрте;
  • қою көк түсті теріден жасалған құлақшын;
  • сұр түсті кашне;
  • қара түсті жылы етік;
  • қара түсті туфли;
  • сұр түсті шалбар.


Сондай-ақ, ерлер мен әйелдерге арналған май және су сіңдірмейтін және жарыққа шағылысатын элементтері бар сары түсті мақта матадан жасалған сигналдық кеудеше әзірленді.

Бұл ретте көлік құралдарын тоқтатқан және кедендік операцияларды және кедендік бақылауды кедендік бақылау аймағынан тыс жүзеге асырған кезде, сондай-ақ нашар көріну (тұман, жаңбыр) жағдайында және тәуліктің қараңғы уақытында (ымырт, түн) кедендік операцияларды және кедендік бақылауды мемлекеттік кірістер органдарының үй-жайынан тыс жүзеге асырған кезде мемлекеттік кірістер органы жұмыскерлерінің кеудешені киюі міндетті.

Бұдан басқа, нысанды киім киюге құқығы бар мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің тізбесі кеңейтілді, оларға:

  1. Кеден саласындағы уәкілетті органның басшысы.
  2. Кеден саласындағы уәкілетті орган басшысының орынбасары.
  3. Кеден саласындағы уәкілетті органдағы бөлімше басшысы.
  4. Кеден саласындағы уәкілетті органдағы бөлімше басшысының орынбасары.
  5. Кеден саласындағы уәкілетті органның бас сарапшысы.
  6. Кеден саласындағы уәкілетті органның сарапшысы.
  7. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және Астана бойынша аумақтық мемлекеттік кірістер органының басшысы.
  8. Аумақтық мемлекеттік кірістер органының облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және Астана бойынша орынбасары.
  9. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және Астана бойынша аумақтық мемлекеттік кірістер органындағы бөлімшенің басшысы.
  10. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және Астана бойынша аумақтық мемлекеттік кірістер органының бас маманы.
  11. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және Астана бойынша аумақтық мемлекеттік кірістер органының жетекші маманы.
  12. Кеден басшысы.
  13. Кеден басшысының орынбасары.
  14. Кеден басқармасының басшысы.
  15. Кеден бөлімінің басшысы.
  16. Кеденнің бас маманы.
  17. Кеденнің жетекші маманы.
  18. Кеден бекетінің басшысы.
  19. Кеден бекеті басшысының орынбасары.
  20. Кеден бекетінің бас маманы.
  21. Кеден бекетінің жетекші маманы.

Бұған дейін тізімге тек 10 формалы киім киюге құқығы бар мамандар кірді.

Құжат 29 мамырға дейін жария талқылау үшін Ашық НҚА сайтында орналастырылған.