Қазақстанда әйелдер ерлерге қарағанда әлі де көп

0
1 055

Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда халық саны 235,5 мың адамға өсті.


Қазақстанда әйелдер ерлерге қарағанда әлі де көп

ERNUR.KZ. 2019 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша ел халқы 18,5 миллион адамды құрады, деп хабарлайды Статистика комитетінің сайтында, деп жазады 7kun.kz.

Жалпы тұрғындардың 10,78 миллионы қалада тұрады, қалған 7,73 миллион адам — ауыл тұрғындары.

Қазақстанда әйелдер ерлерге қарағанда көп — 51,5%, ал ерлер — 48,5%.

Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда халық саны 235,5 мың адамға немесе 1,3%-ға өсті.

Халықтың ең көп өсуі елдің үш аймағында байқалды: Нұр-Сұлтан (56,1 мың адам), Алматы (48,6 мың адам) және Түркістан облысы (42,6 мың адам).