Қазақстанда гигиеналық заттар күрт қымбаттап кетті

0
486

2021 жылдың алғашқы төрт айында сусабынның бағасы 9,2%, ал тіс пастасының бағасы 9,4% өскен.


Қазақстанда гигиеналық заттар күрт қымбаттап кетті

ERNUR.KZ. Елімізде бір жылда кір сабын 13%, иіс сабын 11%, ал балалардың сабыны 14% қымбаттап кеткен, деп жазады inbusiness.kz.

Жеке және тұрмыстық гигиена заттарының бағасы елде едәуір шарықтап шыға келді. Кір жуатын ұнтақтың өзі осы жылдың қаңтары мен сәуірі аралығында 9,8%, ал кір сабын 12,6% (өткен жылдың қаңтары мен сәуірі аралығымен салыстырғанда) қымбаттаған. Иіс сабын (11,3%) мен балалардың сабыны (14,1%) да сол қатарда. 2021 жылдың алғашқы төрт айында сусабынның бағасы 9,2%, ал тіс пастасының бағасы 9,4% өскен.

«Бұрын аталмыш секторда күрт қымбаттау сипаты «девальвациялық» деген атаққа ие болған 2016-2017 жылдары байқалған еді. Қазақстанның ірі қалаларында кір жуатын ұнтақтың ең қымбаты мегаполис саналатын Шымкент, Нұр-Сұлтан мен Алматыда сатылады. Балалардың сабыны да осы үш қалада қымбат. Кір сабынның бағасы шарықтап кеткен қалалардың алғы шебінде Шымкент, Нұр-Сұлтан мен Ақтау қалалары тұр. Ал иіс сабын бәрінен бұрын Семей, Нұр-Сұлтан мен Таразда қымбат», - делінген зерттеуде.

Сусабын алу үшін басқа қалалардан көбірек ақшаны Алматы, Павлодар, Ақтөбеде жұмсау керек. Ал тіс пасасы бәрінен бұрын Алматы, Өскемен мен Таразда қымбат. Жалпы қарапайым гигиена заттары ең қымбат қалалардың басында Алматы мен Нұр-Сұлтан тұр. Бұл жағынан үштікті Шымкент түйіндейді.