Қазақстанда І Халықаралық энергия үнемдеу форумы өтеді

0
3 300

Қазақстандағы Энергия үнемдеу күнінің он жылдығын мерекелеуге орайластырылған


Қазақстанда І Халықаралық энергия үнемдеу форумы өтеді

ERNUR.KZ. 9 қараша күні Астанада Энергия үнемдеу жөніндегі алғашқы халықаралық форум өтеді, деп жазады ҚазАқпарат.

Форумды ҚР Инвестициялар және даму министрлігі БҰҰ Даму Бағдарламасымен бірлесіп ұйымдастыруда ол Қазақстандағы Энергия үнемдеу күнінің он жылдығын мерекелеуге орайластырылған.

Форумның мақсаты - энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша диалог және көрсету алаңын құру болып табылады. Шараға мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, бизнес құрылымдардың, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ шетелдік сарапшылар қатысады.

Форумның шеңберінде энергия үнемдеудің өзекті мәселелері, соның ішінде өнеркәсіптегі, қалалық орта мен ТКШ-дағы энергия тиімділігі, энергия тиімділігін стандарттау және таңбалау мәселелері талқыланатын болады, сондай-ақ, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жобасы тұжырымдамасының таныстырылымы өтеді.