Қазақстанда ірі компаниялардың саны көбейді

0
1 199

Жұмыс істеп тұрған ірі компаниялар санының едәуір өсуі Атырау облысында тіркелген.


Қазақстанда ірі компаниялардың саны көбейді
ERNUR.KZ. Қазақстанда тіркелген ірі компаниялардың саны бір жыл ішінде 3,9%-ға өсті және 2019 жылғы сәуір айының соңында 2,46 мыңды құрады, оның 2,38 мыңы — жұмыс істеп тұрғандар (бір жыл ішіндегі өсім — 4,2%), деп жазады 7kun.kz.

Жұмыс істеп тұрған ірі компаниялар санының едәуір өсуі Атырау облысында тіркелген: 17,6%-ға, 120 кәсіпорынға дейін. Екінші орында Маңғыстау облысы: өсім — 12,8%, 97 ірі компанияға дейін. Көшбасшылар үштігін Нұр-Сұлтан аяқтайды, 7,6%-ға, 299 компанияға дейін өсті.

Ең ірі жұмыс істейтін компаниялар Алматыда шоғырланған: 537 кәсіпорын, жыл ішінде өсім — 5,7%.

Салалар бойынша ең үлкен өсім өнер, ойын-сауық және демалыс саласында байқалды: бірден 22,9%-ға, 43 компанияға дейін.

Сондай-ақ әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету (21,1%-ға, жұмыс істеп тұрған 132 кәсіпорынға дейін), тұру және тамақтану бойынша қызметтер (16,1%-ға, 36 компанияға дейін) салалары өсімі бойынша көшбасшылар қатарында.