Қазақстанда ірімшік бағасы күрт қымбаттады

0
787

Ең арзан ірімшік келісі Қонаев қаласында – 3 153 теңге.


Қазақстанда ірімшік бағасы күрт қымбаттады

ERNUR.KZ. Қазан айында Қазақстанда қатты ірімшіктің орташа бағасы келісіне 4 378 теңгеі құрады. Бұл өткен жылдың қазан айымен салыстырғанда 31,4%-ға қымбат, деп жазады ulysmedia.kz.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, өңірлер арасында қатты ірімшік бағасы Қарағанды қаласында ең қымбат, мұнда ірімшіктің орташа бағасы 5 356 теңге деңгейінде. Астанада орташа баға 4 880 теңге болса, Алматыда ірімшіктің келісі үшін орта есеппен 4 700 теңге төлеу қажет, Таразда – 4 782 теңге.

Ең арзан ірімшік келісі Қонаев қаласында – 3 153 теңге.

2022 жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында Қазақстанда 24 409,9 тонна ірімшік пен сүзбе өндірілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,3%-ға аз.

Қазақстандық ірімшік (сүзбені қоса алғанда) негізінен ТМД елдеріне (РФ, Армения, Қырғызстан, Әзірбайжан, Өзбекстан), сондай-ақ Корея мен Моңғолияға экспортталды. Импорттың негізгі көлемі РФ, Беларусь, Украина, Латвия, Иран елдерінен келеді.

Айта кетейік, кеше Үкімет үйінде орталық мемлекеттік органдар мен облыс әкімдіктері басшылығының қатысуымен өткен кеңесте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасының шарықтауына айыптылар анықталды.