Қазақстанда қайыр сұраған шетелдіктер жауапкершілікке тартылды

0
465

Өзге мемлекеттен келген 53 азамат қайыр сұрағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.


Қазақстанда қайыр сұраған шетелдіктер жауапкершілікке тартылды

иллюстрациялық фото

ERNUR.KZ. Шетелдіктердің тарапынан еліміздің көші-қон заңнамасын бұзуға қатысты 14100-ден аса дерек тіркелді. 3600-ден аса шетелдік елімізде заңсыз жұмыс істеген, деп жазады 24.kz.

Ал өзге мемлекеттен келген 53 азамат қайыр сұрағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мұны Ішкі істер министрлігі Көші-қон қызметінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Бауыржан Омаров мәлім етті. Қазанның 11-і мен 18-і аралығында ел бойынша операция өтті.

Полиция қызметкерлері тұрғын үйлерді, құрылыс алаңдарын, базарларды, шетелдік еңбек күшін заңсыз пайдаланатын ұйымдар мен жұмыс берушілерді тексеріп шыққан.

Бұдан бөлек, бір апта ішінде ел аумағында 3125 қылмыс жасалған. Бұл туралы брифинг барысында министрліктің ресми өкілі Нұрділдә Ораз айтты. Тәулік ішінде 2102 қылмыс ашылған.