Қазақстанда қанша педофил бар – министрлік цифрды атады

0
1 687

Жыл басынан бері балаларға қарсы жыныстық сипаттағы 589 зорлық-зомбылық жасалған.


Қазақстанда қанша педофил бар – министрлік цифрды атады

ERNUR.KZ. Бүгінде "педофил" санаты бойынша 1350 адам ішкі істер органдарының есебінде тұр. Бұл туралы ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев мәлімдеді, деп жазады sputniknews.kz.

"Қазір ішкі істер органдарының есебінде "педофил" санаты бойынша 1350 адам, ал "зорлаушы" санаты бойынша 2831 адам тұр. Кәмелетке толмағандарға қарсы жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасағаны үшін сотталған 1575 адам түзету мекемелерінде жазасын өтеп жатыр", - деді Қожаев ОКҚ-де өткен брифингте.

Оның айтуынша, соңғы уақытта елімізде адам зорлау оқиғалары жиілеген.

"8 айдың қорытындысы бойынша кәмелетке толмағандарға қарсы жыныстық сипаттағы 589 зорлық-зомбылық қылмысы тіркелді. Кішкентай балаларды азғыру 5,5 %-ке төмендеген, алайда, өкінішке қарай, зорлау мен секусалды сипаттағы зорлық-зомбылық көрсеткіші өскен", - деді министрдің бірінші орынбасары.

Қожаевтың айтуынша, мұндай әрбір екінші қылмыс үйде, жатақханаларда жасалады. Бір өкініштісі, зорлық-зомбылық қылмысының 77%-ін жәбірленушінің өз жақындары жасайды.

"Олар әкесі, өгей әкесі, туыстары, көршілері мен таныстары. Мұндай кезде қылмысты дәлелдеу қиынға соғады. Өйткені бұл істерде куәгер жоқ, айыптау негізіне кәмелетке толмаған баланың жауабы ғана алынады", - деді ол.

Ішкі істер министрлігі мұның алдын алу үшін зорлау қылмысына бейім адамдарды анықтау және есепке алу жұмысын жүргізіп жатыр.