Қазақстанда карантин шаралары екі аптаға ұзартылды

0
713

Елімізде жағдай жақсарып қалғанымен босаңсуға ешбір негіз жоқ.


Қазақстанда карантин шаралары екі аптаға ұзартылды

ERNUR.KZ. Қазақстанда карантин шаралары екі аптаға ұзартылды. Мемлекеттік комиссияның отырысында қабылданған бұл шешім туралы Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.

«Елімізде жағдай жақсарып қалғанымен босаңсуға ешбір негіз жоқ. Карантиндік шараларды тағы екі аптатаға ұзарту турал шешім қабылдады», - деді ол ОКҚ-дағы баспасөз мәслихатында.

Еске сала кетсек, кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру жөнінде кеңес өткізіп, карантин шараларын екі аптаға ұзартуды тапсырған болатын.